Карантиндік шектеулер тағы бір аптаға ұзартылды

817

Вице-министр соңғы күндері коронавирус жұқтырғандардың неге артқанын түсіндірді. 

Карантиндік шектеулер тағы бір аптаға ұзартылды Фото: Гаухар Алимкулова

Кешегі бір күннің өзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 311-ге жетті.

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова ведомсвтоның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мұндай жағымсыз тенденцияның себебін түсіндірді. 

"Кешегі күннің қорытындысы бойынша жаңадан 311 науқас тіркелді. Өсім – 4,8 пайыз. Кейінгі күндері оның алдындағы күндерге қарағанда ауру жұқтыру оқиғалары көбірек. Төтенше жағдай режимі алынғанымен карантиндік шектеулер тоқтамағанын атап өткім келеді. Бұл әсіресе індет өсімі 5 пайыздан жоғары өңірлерге қатысты", – деген мнистрлік өкілі карантиндік шектеулердің тағы бір аптаға ұзартылғанын еске салды. 

"Бұған дейін бір аптаның көлемінде науқастар санының өсіміне қарай карантиндік шектеулерді 7, 5 және 2,5 пайыз деңгей бойынша кезең-кезеңмен алу жопарланған еді. Бірақ соңғы күндері өсім артқандықтан, карантиндік шектеулерді жеңілдету мерзімі тағы бір аптаға шегерілді. Науқастар санының артуына тестілеудің қарқын алуы себепкер. Зертханаларда күніне 28 мың адам тексеріліп жатыр", – деді Людмила Бұйрабекова.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу