Карантинге бағынбаған ұйымдардың жұмысы тоқтатылады

568

Бір заң бұзушылықты 8 рет қайталаған ұйымдар бар.

Карантинге бағынбаған ұйымдардың жұмысы тоқтатылады

Карантин талаптарын бұзғанымен қоймай, ескертулерден сабақ алмайтын ұйымдардың ісі енді сотта қаралады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствоаралық комиссия осындай шешім шығарғанын айтады. 

"Карантин талаптары сақталмаған жағдайлар бар. Кейбір ұйымдарда бір заң бұзушылық 8 ретке дейін қайталанған. Ведомствоаралық комиссия отырысында осындай қасарысқан заң бұзушыларға қатысты мәселені қарадық.  Бұдан  былай ондай істер аталмыш ұйымдардың қызметін тоқтату үшін сот органдарына жолданады. Жергілікті әкімдіктер деңгейінде қоғамдық және мемлекеттік ұйымдардан құрылған мониториг топтары да бақылауды күшейтеді. Қазақстанның әр өңірінде  режимді бұзған нысандарға мониторинг жүргізу күшейетін болады", – деді Алексей Цой.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу