Карантинге байланысты алматылықтарға коммуналдық қызметтердің төлемдерін кешіктіруге рұқсат берілді

1155

Қолданылған коммуналдық қызметтер үшін төлемдер әдеттегідей есептеледі. 

Карантинге байланысты алматылықтарға коммуналдық қызметтердің төлемдерін кешіктіруге рұқсат берілді

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев: "Қиындыққа тап болған қала тұрғындарын қолдау үшін олар монополистермен барлық коммуналдық қызмет ақысын, сондай-ақ лифт пен қоқыс жинауға ақы төлеуді кейінге қалдыру туралы келісімге келді. Сіз наурыз-сәуір айларындағы түбіртекте көрсетілген төлемді жылдың соңына дейін төлей аласыз",– деп жазды әлеуметтік желілердегі парақшасында.

Ол төлемдерді уақтылы төлемегені үшін жеке тұлғаларға айыппұл мен өсімпұл салынбайтынын жеткізді.       

Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, қызмет көрсетушілер карантин кезінде қарызы бар тұтынушыларды электр, су, жылу, газ және телефон байланысынан ажыратпайды.

Әкімдіктің баспасөз қызметі төлемдердің кейінге қалдырылуы  сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне (ГКП Алматы Су), жылу және ыстық сумен жабдықтауға ("Алматы жылу желілері" ЖШС), электр қуатына ("Алматыэнергосбыт" ЖШС), газбен жабдықтауға ("ҚазТрансГаз" АҚ - Аймақ), телефон байланысы ("Алматы Телеком" РТД) қызметін пайдаланатын жеке тұлғаларға ғана берілетінін нақтылады.  

Қазақстанның ең ірі қаласы - Алматы қаласында бүгінгі күнге дейін коронавирустық инфекцияның 22 жағдайы тіркелді. 19 наурыздан бастап қала карантинге алынды.

Алматы қаласының халқы 1,8 миллионнан асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу