Карантинге қарамастан елімізде өнеркәсіптік өндіріс саласы дамуда

1726

2020 жылдың І тоқсанында жылдық өсім 6%-ды құрады.  

Карантинге қарамастан елімізде өнеркәсіптік өндіріс саласы дамуда

Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтатқанына қарамастан, жыл басынан бері өнеркәсіптік сала 6%-ға дамыды, деп хабарлады Energyprom.kz. 

Салыстырмалы түрде алсақ көлік және логистика сегментіннің дамуы 1,3%-ға төмендеген. 
Биылғы жылдың І тоқсанында өнеркәсіптік өндіріс индексі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,8%-ды құрады. Тіпті карантин жарияланған наурыз айында сектор 2019 жылдың наурызынан 5,9%-ға жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. 

2020 жылдың қаңтар-наурыз аралығында мұнай, табиғи газ және металл рудалары өндірісі артты. Сонымен қатар азық-түлік, темекі өнімдері, мұнай өңдеу, фармацевтикалық өнімдер, металлургия салаларының өнім шығару көлемі де өсті. Алайда химиялық тауарлар шығару көрсеткіші төмендеді. 

Өңірлер бойынша өнеркәсіптік өндіріс саласының Қостанай (+19,8%), Ақмола (+11,9%), Атырау (+9,2%) облыстарында жоғары қарқынмен дамыды.  

Жалпы 2020 жылдың І тоқсанында еліміздің 15 өңірінде өндіріс саласы ілгері жылжып, тек Қызылорда мен Жамбыл обылысында көрсеткіштер төмендеген. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу