Карантинге жатқызылған 71,5 тонна өнім Қырғызстанға қайтарылды

844

Карантинге жатқызылған 71,5 тонна өнім Қырғызстанға қайтарылды

Қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекара аумағында карантиндік фитосанитарлық бақылау алынған кезден бастап карантинге жатқызылған өнімдерді тасымалдау және іске асыру барысында Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың өсімдіктер карантині саласында 13 заң бұзушылық фактілері анықталды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Соның ішінде, карантиндік объектілермен залалданған 39,87 тонна алма өнімін іске асыру бойынша 3 факті (Павлодар облысында – 39,8 тонна және Солтүстік Қазақстан облысында – 0,07 тонна) және карантинге жатқызылған өнімді фитосанитарлық сертификатсыз тасымалдау және іске асыру бойынша 10 заң бұзушылық фактілері тіркелді. Жалпы есепте, 71,5 тонна өнім Қырғызстан Республикасына кері қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу