Карантиннен бас тартқан Швеция қиын кезеңді бастан кешіріп отыр

378

2020 жылы ЖІӨ 3,6%-ға қысқарады. 

Карантиннен бас тартқан Швеция қиын кезеңді бастан кешіріп отыр

Коронавирус пандемиясының бірінші толқыны кезінде карантиннен бас тартқан Швеция үлкен қиындыққа тап болды. Ел экономикасының қалыпқа келу қарқыны бұрын болжанған көрсеткішке қарағанда төменірек. Бұл туралы елдегі орталық банктің басшысы Стефан Ингвес мәлім етті.

Оның айтуынша, ел экономикасының қарқыны ресми есептердегі көрсеткішпен салыстырғанда әлдеқайда бәсеңдей түскен. Сондай-ақ Ингвес экономиканың қалыпқа келуі қанша уақытқа созылатынын дөп басып айту мүмкін еместігін жеткізді. Кей сарапшылар орталық банк осы орайда енді қосымша ынталандыру шараларын қабылдайды деп отыр.

Қаржы реттеушісінің қыркүйек айында жасаған болжамына сәйкес, корольдіктің ЖІӨ 2020 жылы 3,6%-ға қысқарады. Оған дейін 4,5%-ға кемиді деп жарияланған еді. Келесі жылы ЖІӨ 3,7%-ға өседі.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу