Қарапайым тұрғындарға "камуфляж" киюге тыйым жоқ – Қорғаныс министрі

1031

Нұрлан Ермекбаев әскерилер арасында түсіндіру жұмыстарының ақсағанын мойындады.

Қарапайым тұрғындарға "камуфляж" киюге тыйым жоқ – Қорғаныс министрі Фото: Мария Матвиенко

Қорғаныс министрі "Қазақстан азаматтарына әскери формаға жататын киімдер киюге тыйым салынады" деген ақпараттың мән-жайын түсіндірді. 

"Бұл мәселеде кішкене түсініспеушілік орын алды. Өйткені кәдімгі қарапайым азаматтарға жалпы камуфляжды форманы киюге ешқандай тыйым жоқ. Бірақ әскери белгілері, погондар, шеврондар сияқты әскери түрлерге жататын белгілері бар форманы киюге, яғни нағыз әскери форманы киюге тек қана әскери қызметшілер және басқа да әскери құрылымдардың қызметкерлері құқылы. Егер мұндай погондар, шеврондары жоқ форма болса, кез келген азамат оны киіп жүре алады. Біздің жағымыздан түсіндіру жұмыстарында кемшіліктер болып жатыр. Бұл жұмыстарды біз нығайтамыз, бұл мәселеге тағы да назар аударамыз", - деді ол. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу