"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасына 600 миллиард теңге бөлінді

1149

Несиелер 6% мөлшерлемесімен сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін "Даму" КДҚ" АҚ субсидиялау арқылы 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасына 600 миллиард теңге бөлінді

Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес отандық тауар өндірушілерді жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету мақсатында "Қарапайым заттар экономикасы" республикалық бағдарламасына 600 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Аталмыш қаражат "Халық Банк" АҚ, "First Heartland Jusan Bank" АҚ, "Сбербанк" ЕБ" АҚ, "Банк Центр Кредит" АҚ, "АТФ Банк" АҚ, "Forte Bank" АҚ, "Еуразиялық Банк" АҚ, "Bank RBK" АҚ, "Нұрбанк" АҚ сияқты екінші деңгейлі банктерде шоғырландырылған. Несиелер 6% мөлшерлемесімен сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін "Даму" КДҚ" АҚ субсидиялау арқылы 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Несиелерді қолдану мақсаттары – инвестицияға 50%-дан кем емес, айналымдағы қаражаттарды толтыруға 50%-дан артық емес болуы шарт.

Бағдарламаға білім беру объектілерінің құрылысы, көлік құралдарын, құрылыс материалдарын, азық-түлік тауарларын, тоқыма заттарын, қағаздан жасалған бұйымдар мен қаптамаларды, электроника, жиһаз, тұрмыстық химияны өндіретін кәсіпкерлер қатыса алады.

Сонымен бірге, бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде  өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында тұрақты негізде консультациялық қызмет көрсетілетін жобалық кеңсе құрылды.

Қазіргі кезде жобалық кеңсенің жұмысында 22 миллиард теңгеге жуық сомада 33 жоба бар, соның ішінде 11,5 миллиард теңге сомасындағы 15 жоба мақұлданды, жалпы сомасы 3,5 миллиард теңге болатын 7 жоба банктерде қарастырылуда. Бизнес-жобаларды дайындау барысында  6,8 миллиард теңге 11 жобаға бөлінді. 

Бағдарлама бойынша толық ақпарат алу үшін жоғарыда аталған ЕДБ-нің бөлімшелеріне немесе Республика даңғылы 24, "Парасат" БО, 2-қабат мекенжайындағы жобалық кеңсеге бару қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу