"Қарапайым заттар экономикасына" бизнес міндеттемелер енгізіледі

645

Қор нарығын дамытуға басымдық беріледі. 

"Қарапайым заттар экономикасына" бизнес міндеттемелер енгізіледі Фото: primeminister.kz

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы заңнама қайта қаралады. Мұны үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жеткізді.  

"Мемлекет басшысы қор нарығын дамытудың маңызын атап өтті. Ұлттық экономика министрлігі қаржы агенттігімен және ұлттық банкпен, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, қор нарығын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты Президент әкімшілігіне енгізеді. Сонымен бірге Мемлекет басшысының мемлекеттің фискалдық және экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы орындалады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізіледі", – деді Руслан Дәленов.

Бұдан кейін министр "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын тиімді іске асыру бойынша бизнес үшін міндеттемелерді енгізе отырып, бағдарламаның нақты индикаторлары мен стратегиялық міндеттері айқындалатынын айтты. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу