Қарапайым жұмысшы пәтер алу үшін 14 жыл ақша жинау керек

899

Қарапайым жұмысшы пәтер алу үшін 14 жыл ақша жинау керек

Биыл қаңтар-сәуір айлары аралығында еліміздегі жаңа пәтерлердің бағасы шаршы метріне орта есеппен алғанда 1,1 пайызға - 250,1 мың теңгеге дейін өскен, - деп хабарлайды Ranking.kz-ке сілтей келе alashainasy.kz.

Мұндай көрсеткіш 7 қалада байқалады, ал тағы үш өңірде пәтер бағасы шаршы метріне керісінше, төмендеген.

Сарашылардың айтуынша, Петропавлда пәтер бағасы қатты қымбаттаған. Онда жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі 16,6 пайызға - 185,0 мың теңгеге жетті. Петропавлдан кейінгі орында Алматы қаласы тұр. Мұнда 2017 жылдың сәуір айында жаңа пәтердің шаршы метрінің бағасы 341,5 мың теңге болған. Ал 3-орында Семей қаласы тұр. Семейліктер қазіргі уақытта жаңа пәтердің шаршы метріне 154, 5 мың төлеуі керек.

Бұл өсім, қазақстандықтардың өз жылжымайтын мүлігін сатып алу мүмкіндіктеріне шектеу қояды.

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген қазақстандыққа бір бөлмелі пәтер сатып алу үшін (32 шаршы метр) 14 жылдан аса уақыт керек. Яғни, ол адам 14 жыл бойы жалақысының 30 пайызын пәтер алуға жинайды. Сондай-ақ, мамандар елімізде ипотекалық несие беру нарығында 17 екінші деңгейлі банк (АТФ, RBK, Сбербанк және Цеснабанк) жұмыс істеп жатқанын айтып өтті. Жалпы, ипотекалық қарыздың максималдық мерзімі 240 ай екен.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу