Қарапайым жұмысшылар Криштану Роналдудың Италияға келуіне қарсы шығып жатыр, деп хабарлайды altaynews.kz football-italia сайтына сілтеме жасап.
Exor холдингі жұмысшыларының ереуілге шығуына байланысты, Fiat 500х және Jeep Renegade көлік маркаларының шығарылымы үш күнге тоқталды.
"Криштианудың Ювентус сапына ауысуы үшін төленетін 105 млн еуро қаражаттың көп бөлігін аталмыш холдинг төлейді екен. Ереуілдің себебі сол, жұмысшы тарап соншама қаражатты футболшыға емес, өндіріс ошағының ісін ілгерілетіп, өздерінің жағдайын жақсарту үшін жұмсауды талап етуде .Олардың айтуынша, бұл әлдеқайда пайдалы", – деп түсіндірді оның себебін Unione Sindacale di Base кәсіподақтар ұйымының өкілі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу