Қараша айы басталғалы көктайғаққа байланысты көлік қатынасы 7 рет шектелді

555

Көліктің қыс мезгіліне техникалық дайындығы – жолдағы қауіпсіздік кепілі. 

Қараша айы басталғалы көктайғаққа байланысты көлік қатынасы 7 рет шектелді

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов онлайн брифинг барысында жүргізушілерді ауа райына байланысты ескертулерге құлақ асуға шақырды. Оның сөзінше, хабарландыруларды ескермеген жүргізушілер жолда қалып, құтқарушылар шақыруға мәжбүр болады екен.

"Егер жолда кетіп бара жатқанда ауа райы құбылса, жақын маңдағы елді мекенге барып, күту керек. Ал жол ортасында қалып қойсаңыз, Құтқару қызметіне тұрған жеріңізді хабарлаңыз. Аймақтарда тек қараша айында көктайғаққа байланысты көлік қатынасы 7 рет шектелді. Ал 2019 жылы ауа райына байланысты мұндай шектеулер 985 рет енгізілген. Осындайда жолда қалмаудың кепілі – көліктің дөңгелектерін ауыстырып, техникалық дайындығын қамтамасыз ету", – деді Серік Түсіпов. 

Сонымен қатар ол дизель отынымен жүретін көліктерге тоқталды. 

"Мұндай жанармаймен жүретін көліктер жолда қалмау үшін сапалы дизель құйып, оның маусымдық түріне назар аударуы керек. Аймақтарда құтқару жұмыстарының басым бөлігі автобус және жүк көліктерінің жүргізушері мен жолаушыларын аман алып қалу үшін жүргізіледі. Себебі жүргізушілер қыс мезгіліне арналған дизельдің орнына жаздық дизелді құяды", – деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу