Қараша айынан бастап Қытайға визасыз кіруге болады

553

Көрші елдің шекарасынан өткеннен кейін 30 күн визасыз жүруге рұқсат беріледі, бірақ жарты жылда Қытайда болу мерзімі 90 күннен аспауы керек.  

Қараша айынан бастап Қытайға визасыз кіруге болады Фото: Женский журнал Город женщин

Қазақстан Үкіметі мен Қытай Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2023 жылғы 10 қарашадан бастап күшіне енеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Параграф" АЖ-да жарияланған ҚР Сыртқы істер министрлігі хатында келісім нақты қай күні күшіне енетіні көрсетілген. Келісімге 2023 жылдың 17 мамырында Сианьда қол қойылды.

Құжат екі мемлекеттің азаматтарының жеке істерді, туризмді, емдеуді, халықаралық тасымалдарды, транзитті жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ екінші тарап мемлекетінің аумағы арқылы кіру, шығу, транзит үшін іскерлік мақсаттарды (келісімшарттар жасасу, келіссөздер жүргізу, консультациялық қызметтер көрсету және басқа да іскерлік мақсаттар) жүзеге асыру мақсатында визалық талаптардан босатылатынын көздейді. Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап 30 күнтізбелік күн виза талап етілмейді, жалпы 180 күнтізбелік күн ішінде екінші елде болу мерзімі 90 күнтізбелік күннен аспауы керек.

Егер бірінші тарап мемлекетінің азаматтары екінші тарап мемлекетінің аумағы арқылы кіруге, шығуға немесе транзитпен жүруге ниет білдірсе, алайда сапардың мақсаттары немесе мерзімдері жоғарыда көзделгенге сәйкес келмесе, онда олар екінші тарап мемлекетінің аумағына кіргенге дейін тиісті органдарға виза алу үшін жүгінуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу