Қараша айында ауа райы қандай болады?

28239

Қазгидромет қараша айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қараша айында ауа райы қандай болады?

Қараша айында ел аумағындағы ауа температурасы климаттық норма шамасында болжанады. 

Барикалық түзілімдер мен синоптикалық процестердің жиі өзгеруімен бір ай ішінде ауа температурасының ауытқуы, тұман және көктайғақ құбылыстары болжанады, ал қар жамылғысының орнатылуымен және елдің солтүстігінде желдің күшеюімен бұрқасын болуы мүмкін. 

Қарашаның бірінші онкүндігінде әлі де жылы ауа райы сақталады, алайда айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағына солтүстік теңіз, батыс және шығыс сібір аудандарынан суық ауа массалары жиі енетін болады. Осылайша, елдің батыс өңірлерінде ауа температурасы түнде +3+10°С-тан -5-17°С-қа дейін, күндіз +12+22°С-тан -2-10°С-қа дейін біртіндеп төмендейді. 

ҚР солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде бірінші онкүндікте ауа температурасының түнде 0,-10°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз 0,+5°С-тан +5+15°С-қа дейін ауытқуы күтіледі. Екінші және үшінші онкүндіктерде ауа температурасы түнде -15-20°С дейін, күндіз -5-12°С дейін төмендейді; оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бірінші онкүндікте күндізгі ауа температурасы +12+20°С болады деп күтілуде. Содан кейін ауа температурасы түнде -10-17°С, күндіз -1-8°С дейін біртіндеп төмендейді деп болжануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу