Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылғы қараша -2021 жылғы қараша аралығында пәтерлерді қайта сату бағалары 26,9%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату 17,3%-ға өсті. Биылғы қараша айында абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғыға қарағанда 48,6%-ға артты, деп жазады inbusiness.kz.
"Республика бойынша жылдық мәнде жаңа үйлер бағасы Ақтөбе қаласында 30,3%-ға, Семейде – 26,9%-ға, Ақтауда 25%-ға қымбаттады. Қайталама нарықтағы пәтерлердің баға өсімі жөнінен Талдықорған (44,6%), Ақтау (43,3%), Семей (42,8%), Ақтөбе (42,4%), Астана (41,7%), Қызылорда (41,2%) қалалары көш бастап тұр. Тұрғын үйді жалға алу нарығында жоғары баға өсімі Алматы (76,6%), Қарағанды (55,7%), Қостанай қалаларында (54,5%) тіркелді", - делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, осы жылдың қазан айымен салыстырғанда қарашада қайталама нарықтағы пәтерлерді қайта сату бағасы 1%-ға, жаңа тұрғын үйді сату 1,2%-ға өсті. Ал, тұрғын үйді жалдау ақысы 2,4%-ға төмендеді.