Қараша айында Ирак түрмелерінде отырған балалар елге қайтарылады – СІМ

1205

Оннан астам қазақстандық бала аналарымен бірге Ирак түрмелерінде қамауда отыр. 

Қараша айында Ирак түрмелерінде отырған балалар елге қайтарылады  – СІМ

Қараша айында аналары Ирак түрмелерінде отырған қазақстандық балаларды қайтару операциясы жүргізіледі. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров  айтты.  

"Біз жақында Ирактан қазақстандық балаларды қайтару процессі басталғанын хабарладық. Олардың аналары сотталып, түрмеде отыр. Балалары олармен бірге қалуға мәжбүр. Оларды туыстары қазақстанға қайтаруға ниет білдірді. Ирак билігімен бірге біз оларды отанына қайтару операциясын дайындаудамыз. Менің ойымша операция бір ай көлемінде жүзеге асады. Нақты күнін айта алмаймын, өйткені бұған бірқатар тараптар мен мемлекеттік органдар қатысады",– деді ол брифингте.

Ол балалардың нақты санын айтпады, тек оннан асады деп атап өтті. Қазіргі кезде СІМ олардың азаматтығын тексеруде.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР СІМ Мұхтар Тілеуберді Ирактан 14 баланы қайтару мүмкіндігі туралы айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу