Қараша, желтоқсанда ревакцинация басталуы мүмкін

1188

Қазақстанда коронавиурсқа қарсы ревакцинация қараша, желтоқсан айларында басталуы мүмкін. Дегенмен оған әзірге асығыстық жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, inbusiness.kz тілшісі. 

Қараша, желтоқсанда ревакцинация басталуы мүмкін

Алексей Цойдың айтуы бойынша, жуық арада ведомствоаралық комиссияда ревакцинация бағдарламасының өлшемдері ұсынылады. Әлемде белгілі бір тәжірибе қалыптасқан кезде Қазақстанда да ревакцинация жүргізіледі. 

"Ревакцинацияны бастап кеткен елдерді бақылап отырмыз. Оның тиімділігін қарап отырмыз. Менің ойымша жуық арада ревакцинацияны қалай ұйымдастыратынымыз, мерзімі қандай болатыны туралы нақты бағдарымыз дайын болуы керек. Сондықтан ревакцинация мәселесі бізден асығуды талап етіп тұрған жоқ. Бәрін сауатты таразылап, деректер көзін тексеріп, халықаралық тәжірибені зерделеп, ведомствоаралық комиссия мақұлдаған бойда хабарлаймыз", – деді Денсаулық министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу