Қарашада банк секторының активтері 1,6%-ға немесе 0,7 трлн теңгеге артты

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша көрсеткіш 43,1 трлн теңгені құрады. 

Қарашада банк секторының активтері 1,6%-ға немесе 0,7 трлн теңгеге артты Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің кезекті есебінде жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторын 21 екінші деңгейдегі банк құрайды, оның ішінде 12-і шетел қатысатын банк, оның ішінде 9 еншілес банк.

"Банк секторының активтері ағымдағы жылғы қарашада 1,6%-ға немесе 0,7 трлн теңгеге ұлғайып, 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 43,1 трлн  теңгені құрады, жыл басынан бері өсім - 14,4% немесе  5,4 трлн теңге. 2022 жылғы қарашада активтердің өсуі несие портфелінің 3,3%-ға немесе 759 млрд теңгеге ұлғаюы нәтижесінде орын алды", – деп жазылған хабарламада.

Өтімділігі жоғары активтер 13,1 трлн теңгені немесе активтердің 30,5%-ын құрады, бұл банктерге клиенттер алдындағы өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу