Қарашада еңбек нарығындағы белсенділік төмендеді

426

Қараша айында Электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі – ЭЕБ) 109 мың бос жұмыс орны және 77 мың түйіндеме орналастырылды.  

Қарашада еңбек нарығындағы белсенділік төмендеді

Қазан айымен салыстырғанда еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныс белсенділігінің төмендеуі байқалады: бос орындар саны 17%-ға (22,8 мың бірлікке), ал түйіндеме 31%-ға (34,5 мың бірлікке) қысқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыскерлерді іздеу және жалдау процесінде белсенділіктің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, негізгі және жалпы орта білім беру кәсіпорындары ЭЕБ-да орналастырылған бос жұмыс орындарының саны бойынша көшбасындағы орнын сақтап қалды(12 мың бірлік).

"Кәсіптік салалар арасында ТКШ және абаттандыру саласында белсенділіктің барынша төмендеуі байқалды, онда бос орындар саны 44%-ға (1,9 мың бірлікке) азайды. Біз мұны жылыту маусымына дайындық жұмыстарының аяқталуымен байланыстырамыз. Сондай-ақ, туризм саласында сұраныстың айтарлықтай төмендеуі байқалады – бұл бағыт бойынша бос орындар 51%-ға азайды (141 бірлікке), ол туристік маусымның аяқталуына байланысты болуы мүмкін", – деп хабарлады "ЕРДО" АҚ Стратегия және үлкен деректерді талдау департаменті директорының орынбасары Ұлпан Шегенова.

Сонымен қатар, кейбір кәсіби салаларда бос жұмыс орындарының өсуі байқалды. Мысалы, жеке қызметтер мен сервис саласында бос орындар саны 11%-ға, 6,9 мыңнан 7,7 мыңға дейін өсті, сондай-ақ маркетинг және БАҚ саласында айтарлықтай өсім байқалды – мұнда бос орындар саны 144 %-ға, 716-дан 1,7 мыңға дейін өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу