Қарашада Қазақстаннан аударылған ақша көлемі 3,8%-ға өсті

518

Ал Қазақстанға аударылған трансферттер бойынша Ресей көш бастап тұр

Қарашада Қазақстаннан аударылған ақша көлемі 3,8%-ға өсті Фото: inbusiness.kz

Қарашада Қазақстаннан ақша аударымдарының көлемі 3,8%-ға өсіп, 93,6 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Барлығы 218,8 мың транзакция жасалып, бір жылмен салыстырғанда көрсеткіш 7,5%-ға немесе 6,56 млрд теңгеге өсті.

Қазақстаннан 

  • Түркияға (33,2 млрд теңге);
  • Ресей (23,1 млрд теңге);
  • Өзбекстан (17,6 млрд теңге);
  • Грузия (5,5 млрд);
  • Қытайға (3,8 млрд) ең көп ақша жіберілген.

Қазақстанға аударылған трансферттер бойынша Ресей көш бастап тұр – 31,3 млрд теңге, бұл жалпы сомасы 60,1 млрд теңгенің жартысынан астамын құрайды. Екінші орында Қырғызстан – 8,3 млрд теңге, одан кейін Өзбекстан – 6,7 млрд теңге, Оңтүстік Корея мен АҚШ – әрқайсысы 3,3 млрд теңгеден.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу