Қарашығанақ ісі сотта қаралуы мүмкін

805

 Қарашығанақ ісі сотта қаралуы мүмкін

Қарашығанақ ісі төрелік сотында қаралуы мүмкін. Қазақстан кен- орнының жобасын әзірлеген компанияға қатысты арыз түсіріп отыр. Бұл ақпарды Энергетика министрі Қанат Бозымбаев растады. Бірақ талап еткен қаржының қанша екені белгісіз.

Бұған дейін ведомствода Қарашығанақтың серіктестері арасында даудың туындағандығы жөнінде ғана айтылған. Әзірге, оның мән-жайы толық ашылмады. Дегенмен кей басылымдар "Lukoil Overseas Karachaganak"-қа сілтеме жасап, талап етілген соманың 1,6 млрд доллар екенін жазуда. Яғни, Қазақстан Үкіметі жоба акционерлерінен дәл осынша көлемде айыппұл өндірмек ниетте. Қашаған жобасын British Gas, Eni, Сhevron, "Лукойл" және "ҚазмунайГаз" құрамына кіретін "Karachaganak Petroleum Operating" компаниясы құрастырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу