Еуразиялық экономикалық комиссия Қарашығанақ мұнайын Ресей арқылы үшінші елдерге тасымалдау мәселесін жеңілдетті. Бұл туралы ақпарат Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында жарияланды, деп хабарлайды qazaqtimes.com.
Жаңадан енгізілген өзгерістерге сәйкес, үшінші елдерге жөнелтілетін мұнайға қойылатын кедендік процедуралар жеңілдеп, әкімшілік кедергілер азаяды, мұнайды рәсімдеуге байланысты ресми шаралардың бірқатарын орындамауға болады.
Қарашығанақ кен орны Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласынан 30 км қашықтықта орналасқан. Кен орнын игерумен құрамына British Gas (29,25%), Eni (29,25%), Сhevron (18%), "Лукойл" (13,5%) и "КазМунайГаз" (10%) кіретін Karachaganak Petroleum Operating B.V консорциумы айналысады.
Атап өту керек, шілде айының басында Қазақстан аталған консорциумды сотқа берген болатын. Екі тараптың арасында орын алған келіспеушілік пайда көлемін бөліске салуға байланысты. Ресми органдар нақты қаржы көлемін көрсеткен жоқ.