"Қарашығанақ" пен "ҚазТрансОйл" жаңа келісімшарт бекітті

2222

"ҚазТрансОйл" АҚ инвесторларға "Қарашығанақ – Атырау" құбырына техникалық қызмет көрсету мен пайдалану бойынша 16 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Осының алдындағы келісімшарт құны 6 миллиард 679 млн теңге болған.

"Қарашығанақ" пен "ҚазТрансОйл" жаңа келісімшарт бекітті

"Қарашығанақты" игеріп жатқан инвесторлар – "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В." компаниясы "ҚазТрансОйл" ұлттық компаниясымен құны 6 миллиард 682 миллион теңге болатын келісімшарт жасады, деп хабарлайды abctv.kz.

"ҚазТрансОйл" АҚ және "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В." "Қарашығанақ – Атырау" магистральді мұнай құбырына техникалық қызмет көрсету және пайдалану бойынша құны 6 млрд 679 млн теңге болатын жаңа келісімшартқа қол қойды. Аталған келісімшарттың бюджеті 3 жылға есептелген және әрқайсысы 12 айды құрайтын тағы 2 кезеңге ары қарай ұзарту мүмкіндігі қарастырылған", – деген түсініктеме берді ҚТО-ның жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті.

Оның дерегінше, құжатта бекітілген бұл сомада 2019-2021 жылдардағы инфляция коэффиценті ескеріліп отыр. Сондай-ақ оған компанияның қызмет көрсетуші персоналының жыл сайынғы еңбекақысын өсіру және ұсынылатын автокөліктің бағалары да қосылыпты.

Айта кету керек, "ҚазТрансОйл" АҚ "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В."-ға "Қарашығанақ-Атырау" магистральді мұнай құбырына техникалық қызмет көрсету және пайдалану бойынша 16 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Осының алдындағы 2013-2018 жылдардағы бес жылдық келісімшарт құны 6 миллиард 679 млн теңгені құраған болатын.

24-дюймдік "Қарашығанақ Атырау" құбырының ұзындығы 635,5 шақырымға созылып жатыр. Ол 2003 жылы Қарашығанақ кен орнынан "Каспий тұрбақұбыр консорциумына" (КТК) Атырау терминалы арқылы шикізатты экспортқа шығару мақсатында пайдалануға берілген. Құбырдың жобалық өткізу қуаттылығы жылына 10 миллион тоннаға дейін жетеді.

Қарашығанақ 1,2 миллиард тонна мұнай мен 1,35 триллион текше метр газ қоры бар алып кен орны. Ол Қазақстанның батыс аумағында орналасқан. Оның игеру жұмысымен аталған халықаралық консорциум айналысады. Ал ол консоруицмға мұнай газ өндіретін 5 компания кіреді, бұлар Shell (үлесі 29,25%, "Би Джи КарашығанақЛимитед" 100% үлестес компания арқылы басқарады), Eni (29,25%, "Би Джи КарашығанақЛимитед" 100% үлестес компания арқылы), Chevron (18%), ресейлік "ЛУКОЙЛ" (13,5%). Ал қазақстандық "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының ондағы үлесі 10%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу