"Қарасора" арнайы операциясы: 315 есірткі қылмысы анықталды

394

Жабайы қарасораның өсіп-өнуі кезеңінде жыл сайын маусымнан қазанға дейін "Қарасора" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді. 

"Қарасора" арнайы операциясы: 315 есірткі қылмысы анықталды Фото: Сыр бойы

"Қарасора" арнайы операциясының өткен айында полицейлер 315 қылмысты анықтады, деп жазады inbusiness.kz.

"Оның ішінде қарасораны өткізу дерегі – 121, есірткіні заңсыз сақтау фактісі – 49, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 114 дерегі бар. Заңсыз айналымнан 6 тоннаға жуық әртүрлі есірткі тәркіленді, оның ішінде 900 келі марихуана, 63 келі гашиш, 12 келі синтетикалық есірткі және 700 грамнан асатын героин", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Серік Сұлтанов.

Бұдан бөлек Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында өсірілген қарасораның 12 плантациясы жойылды.

Құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру бойынша 114 қылмыстық іс, аса ірі мөлшерде есірткі өткізу бойынша 64 қылмыстық іс қозғалды. 154 күдікті ұсталды.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, нашақорлықтың алдын алу жүйесін жетілдіруге, нашақорлықты емдеуге және есірткіге тәуелді адамдарды оңалту жүйесін дамытуға, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге көп көңіл бөлінеді. Бұл іс-шараларды жүзеге асыруға бюджеттен 53,1 млрд теңге бөлу көзделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу