“Қарасора” операциясы: 237 есірткі қылмысы анықталды

418

1 940 килограмнан астам есірткі заңсыз айналымнан тәркіленді.

“Қарасора” операциясы: 237 есірткі қылмысы анықталды Фото: Polisia.kz

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде қарасораны өсіруге, дайындауға және әкетуге қарсы, сондай-ақ есірткіні, оның ішінде олардың жаңа түрлерін таратуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесуге бағытталған “Қарасора” арнайы операциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен аптада ғана ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері 1 940 килограмнан астам есірткіні заңсыз айналымнан тәркіледі. 

Мәселен, Ақмола облысында аумақтық полиция департаментімен бірлесіп, Астана, Көкшетау және Қарағандыда каннабис тобының есірткілерін байланыссыз сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Топ 11 адамнан тұрған, олардың арасында бір кәмелетке толмаған бала да бар. 

Қызылорда облысының Шиелі ауданында елді мекеннен 70 шақырым жерде апиын көкнәрын өсіруді ұйымдастырған жергілікті тұрғын ұсталды. Бір гектар жерге қылмыскер 2 377 көкнәр бұтасын отырғызған. Құрамында есірткі бар өсімдіктердің жалпы салмағы шамамен 300 килограмды құрады. Тінту барысында плантацияда үш килограмм кептірілген марихуана тәркіленді. 

Жамбыл облысында да қарасора өсіру фактісі анықталды. Полицейлер ауданы 1 га жерге қарасора өсіру фактісінің жолын кесті. Құрамында бір жарым тоннадан астам есірткі бар өсімдік заңсыз айналымға жіберілмеді. 

Таразда біздің елде уақытша тұратын шетелдік азаматтың қарасора өсіру әрекетінің жолы кесілді. Оның пайдалануға дайын төрт қарасора бұтасы мен 100 грамнан астам марихуана тәркіленді. 

"Қарасора" арнайы операциясының өткен айында полицейлер 237 қылмысты анықтады, оның ішінде: 88 өткізу фактісі, 35 аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз сақтау фактісі, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 88 фактісі. Бес есірткі зертханасы жойылды. 

Заңсыз айналымнан үш тоннадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде екі тоннадан астам марихуана, 300 кг апийын көкнары, 29 кг гашиш, 4 кг синтетика және шамамен 1 кг героин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу