Қаратауда 7 жасар баланы ит талап тастады

479

Зардап шеккен ұл балаға дәрігерлер ота жасады.

Қаратауда 7 жасар баланы ит талап тастады Фото: URA.RU

Жамбыл облысына қарасты Қаратау қаласында 7 жасар баланы ит талап тастады, деп жазады inbusiness.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді. Тексеру барысында баланың оң жақ бет аймағы мен екі аяғы жараланып, көп қан жоғалтқаны анықталды. 

Балаға ота жасалды. Бүгінгі таңда ол жансақтау бөлімшесінен хирургиялық бөлімшеге ауыстырылды.

"Оның жағдай жақсарып келе жатыр. Тиісті емді қабылдауда. Балаға аудандық аурухананың психолог мамандары көмек көрсетіп жатыр", - делінген хабарламада.

7 жасар бала құтыруға қарсы екпені алды. Бұдан бөлек оған антибиотиктер тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу