Маңғыстау облысының әкімдігінде аймақ басшысы Ералы Тоғжанов карате-додан Азия чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табысталды, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
9-16 шілде аралығында Астана қаласында карате-додан жасөспірімдер мен кадеттер арасында 16-шы және ересектер арасында 14-ші Азия чемпионаты өткен болатын. Чемпионатқа 24 ел қатысты, әр салмақ дәрежесінде әр елден бір спортшыдан қатысуға рұқсат берілген және қатысушылардың жалпы саны 670 адам болған.
12-16 шілде аралығында Астана қаласында өткен Азия чемпионатында Ақтау қаласының карате спорт мектебінің 12 жасөспірімінің 9-ы медальға ие болды. Ересектер мен әйелдердің Қазақстан құрамасы командалық есеппен 3 орын алса, команда құрамында Сабина Захарова, Екатерина Хуповец, Ермек Айназаров және Асылбек Мұратовтар қола жүлдеге ие болды.