Дубайда өтіп жатқан каратэден әлемм чемпионатында жүлдеге таласатын қазақстандық спортшылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақтағы Мөлдір Жаңбырбай мен 68 келіге дейінгі салмақтағы Софья Берульцева қола медальға таласады.
Сондай-ақ ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Қайсар Алпысбай мен 75 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Әжіқанов әлемдік сында үздік үштікке енуге тырысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу