Каратэден Гран-при турнирінде Қазақстан қоржынына 7 алтын түсті

770

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан командасы екінші орынға тұрақтады. 

Каратэден Гран-при турнирінде Қазақстан қоржынына 7 алтын түсті

Словакияның Братислава қаласында каратэден Гран-при бәсекесі аяқталып, Қазақстанның кадеттер, жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамасы жалпы есебі 7 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан командасы екінші орынға тұрақтады. Біздің құрама сапынан Ермұхаммед Мэлс, Әсемгүл Ердәулет, Николь Ценгел, Олжас Құлажан, Ілияс Бекзадаев, Самат Қадырханов, Диана Мұсабаековалар чемпион атанды. 

Сондай-ақ, команда қоржынында 4 күміс пен 11 қола жүлде бар. 

Словакияда өткен 39-шы Гран-при турнирінде Ресей құрамасы көш бастады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу