Каратэден Қазақстан ерлер командасы әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады

695

Каратэден Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатында командалық бәсекелер басталды. 

Каратэден Қазақстан ерлер командасы әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады

Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдеге таласады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық каратэшілер командалық сында Босния және Герцоговина, Марокко және Косово құрамаларынан басым түсті.

Алайда жартылай финалда италиялық қарсыластарына есе жіберді. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандықтар қола жүлдеге таласу құқығын алды. 

Біздің команданың кіші финалдағы қарсыласы – Түркия құрамасы.

Еске сала кетейік, жекелей сында төрт қазақстандық каратэші қола жүлде үшін даянгке шығады. Олар – Мөлдір Жаңбырбай (50 келі), Софья Берульцева (68 келі), Қайсар Алпысбай (60 келі) және Нұрқанат Әжіқанов (75 келі). 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу