Каратэден Қазақстан құрамасы Италияда жаттығып жатыр

883

Қазақстаннан бөлек тоғыз мемлекттің ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. 

Каратэден Қазақстан құрамасы Италияда жаттығып жатыр

Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасы премьер-лига қарсаңында бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Команда мүшелері 9 мемлекет спортшыларымен бірге Рим (Италия) қаласының маңайында жаттығуда, деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстан құрамасының бас бапкері Жасталап Санауовтың айтуынша, команда әлемнің үздік спортшыларымен бірге жаттығу мүмкіндігін алды. 

"Италияға бізден бөлек тоғыз мемлекттің ұлттық құрама командасы келді. Олардың арасында әлем чемпионы және әлемдік сын жүлдегері, ирандықтар Пурщаб пен Санджап бар. Бразилиялық Броз және Виникус, италиялық Кардин мен Буса да осында. Қазақстан сапынан аталған жаттығу жиынына әлем чемпионаты мен Азия ойындарының жүлдегері Дархан Асаділов, Азиада мен Премьер-лига кезеңдерінің жүлдегері Сабина Захарова, Дидар Әмірәлі мен Данияр Юлдашев және жастар арасында үш дүркін Азия чемпионы Мөлдір Жаңбырбай бастаған спортшылар қатысып жатыр", – дейді бас бапкер. 

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан жиын әлемдік каратэде көш бастап тұрған командалардың жаттығу жүйесімен танысуға мүмкіндік береді. 

"Бір аптадан бері күнделікті жаттығу жиындары әр ел бапкерлерінің нұсқауымен өтуде. Италия, Иран бапкерлерінің өзіндік әдісін байқадық. Өз салмағындағы қарсыластармен жарыс кезінде ғана емес, жаттығу кезеңінде спаррингтік кездесулер өткізудің біз үшін пайдасы орасан зор. Әсіресе, 25-27 қаңтар күндері Парижде өтетін премьер-лига қарсаңында үлкен көмек болмақ. Аталған жаттығу жиыны Франциядағы дода қарсаңында біз үшін сабақ боларына сенімдімін", – дейді команда бас бапкері Жасталап Санауов. 

Еске сала кетейік, Париждегі премьер-лига кезеңі қаңтардың 25-27 аралығында өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу