Каратэден Монреалдағы рейтингілік турнирде қос спортшымыз финалға өтті

486

60 келідегі Дархан Асаділов пен 55 келідегі Сабина Захарова турнирдің алтын жүлдесі үшін таласады.

Каратэден Монреалдағы рейтингілік турнирде қос спортшымыз финалға өтті

Канаданың Монреаль қаласында каратэден А сериясы аясындағы рейтингілік турнир жалғасуда. Қазақстан сапынан екі спортшы финалда бақ сынайды деп жазады Olympic.kz. 

60 келідегі Дархан Асаділов пен 55 келідегі Сабина Захарова турнирдің алтын жүлдесі үшін таласады. 

Сондай-ақ, бес спортшымыз қола медаль үшін өтетін кездесулерге қатысады. Атап айтар болсақ, Еркінбек Байтөреев (60 келі), Дидар Әмірәлі (67 келі), Софья Берульцева (+68 келі), Ермек Айназаров (75 келі), Игорь Чехмарев (84 келі) үздік үштікке ену үшін татамиге шығады. 

Финалдық кездесулер бүгін өтеді. Алайда, Қазақстан мен Канада арасындағы уақыт айырмашылығының алшақтығына байланысты жарыс нәтижесі ертең белгілі болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу