Қаратеңіз табиғи газы Түркияның жылдық қажеттілігінің 30 пайызын қамтамасыз етеді – Ердоған

993

Түркия энергетикалық тәуелсіздікке үлкен қадам жасады 

Қаратеңіз табиғи газы Түркияның жылдық қажеттілігінің 30 пайызын қамтамасыз етеді – Ердоған Фото: Anadolu Agency

Кеше Қаратеңіз кеніштерінен Түркияның энергетикалық жүйесіне табиғи газ ағынын жіберу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап. 

Арнайы рәсімде сөз алған президент Режеп Тайып Ердоған:
“Біз аталмыш жобаны 32 айда аяқтадық. Бұл рекордтық көрсеткіш. Түркия бүгін энергетикалық тәуелсіздікке үлкен қадам жасап отыр”,– деді.

Президент бірінші кезеңде Сакарья кен орнынан тәулігіне 10 млн текше метр, екінші кезеңде 40 млн текше метр газ өндірілетінін айтты.

Сондай-ақ Ердоған Қаратеңіз табиғи газы Түркияның жылдық қажеттілігінің 30 пайызын өтейтінін атап өтті. Жобаның арқасында Филос пен Зонгулдакты маңызды энергетикалық және технологиялық базаға айналады деген жоспар бар.

Бұдан бөлек Түркия басшысы халыққа екі сүйінші хабарын жеткізді. Оның айтуынша тұрмыстық ас үй мен ыстық суға қажетті көгілдір отын бір жыл бойы тегін берілмек.
Сонымен қатар, тұрғындар бір ай бойы газ төлемінен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу