Каратеші Дархан Асаділов финалға шықты

974

Енді оның финалдағы қарсыласы түркиялық Самадан Ерай болмақ.   

Каратеші Дархан Асаділов финалға шықты

Бүгін Парижде каратеден Премьер-лига кезеңінің бірінші жарысы басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Олимпиадалық рейтингте көш бастап тұрған Дархан Асаділов жарысты сәтті бастады. Жартылай финалға дейін бірінші украиналық спортшыны 2:0 есебімен, одан кейін 6:1 есебімен грекиялық спортшыны жеңді. Одан кейінгі қарсыласы Евгений Плахутинді 7:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты. Жартылай финалда қазақстандық каратеші әлем чемпионы бразилиялық Дуглас Брозді жеңіп, ақтық финалға жолдама алды.

Жарыстың финалдық кезеңі жексенбі күні өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу