Жарыс нәтижесінде, бес қазақстандық спортшы қола жүлде үшін бақтарын сынайды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарыстың бірінші күнінде бес қазақстандық каратеші кіші финалға жолдама алды. Атап айтқанда, 60 келіге дейінгі салмақта Дархан Асаділов пен Еркінбек Байтөреев, 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мұса Бексұлтан, 84 келіде Данияр Юлдашев қола жүлдені сарапқа салады.
Ал әйелдер арасында 68 келіден жоғары салмақта Софья Берульцева жарыстың қола жүлдесі үшін бақ сынайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу