Қаратұрындағы алты айға созылған өрт бойынша 361 млн теңге айыппұл салынды

328

Бұл жайында департамент басшысы Армат Жүсіпқалиев мәлімдеді.

Қаратұрындағы алты айға созылған өрт бойынша 361 млн теңге айыппұл салынды Фото: Маңғыстау экология департаменті

Маңғыстау облыстық экология департаменті "Бозашы Мұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жарты жыл бойы ауаға зиянды қалдық таратқаны үшін ірі көлемде айыппұл салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Департамент тарапынан биыл бірінші жарты жылдықта 2 субъектіге ("Эко-Техникс" ЖШС, "Aktau Tourism City Ltd" ЖШС) профилактикалық бақылау және 16 мекеменің талаптарға сәйкестігіне тексеру жұмысы кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, биыл 4 ай ішінде 8 мекемеге жоспардан тыс тексеріс жасалған. 

— Соның ішінде "Бозашы Мұнай" ЖШС компаниясы да бар. Онда 6 ай бойы ұңғымада жанған өрттен ауаға 2540 мг/м3, яғни 120 есе артық метан тарағаны анықталды. Сондықтан серіктестікке 361,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Жалпы тексерудің нәтижесінде тағы 7 мекемеге 23 567 млн теңге айыппұл салынды. Барлық айыппұл мемлекетке өндірілді, -дейді облыстық экология департаментінің басшысы Армат Жүсіпқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу