Ақтауда 8 жасар ұл бала жекеменшік балабақшаның ғимаратында орналасқан түзету орталығының терезесінен құлап кеткен. Екі айға жуық уақыт өмірі үшін күрескен кейін бала Алматыдағы клиникада қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, III топтағы мүгедектігі бар баланың екі құлағының есту қабілеті нашар болған. Отбасының айтуынша, қайғылы оқиға 27 наурыз күні шамамен сағат 14:00-де болған.
Бала Ақтау қаласындағы балабақшаның үшінші қабатында орналасқан коррекциялық орталықтың терезесінен құлап кеткен. Биіктен құлаған бала ауыр жарақат алған. Оның аяқ-қолының көптеген жері сынып, жамбас сүйегі, ішкі ағзалары, қан тамырлары және омыртқасы зақымданған. Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне шығарылған. Алайда оның жағдайы одан сайын нашарлай түскен.
17 сәуірде ол қайтадан жансақтау бөліміне түсіп, санавиация арқылы Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілді. Ұл бала 20 мамырда бала көз жұмды. Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 141-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Марқұмның туыстары тергеу тиісті деңгейде жүргізілмей жатыр деп отыр.
Заңгердің айтуынша, бейнежазбаға үш баланың түзету орталығының бөлмесінде үлкендердің қарауынсыз қалғаны түсіп қалған.