"ҚТЖ" ҰК" АҚ теміржолды қорғайды. Республика өңірлерінде темір жол бойына малдың шығып кетуін болдырмау мақсатында 60 шақырымға жаңадан қоршаулар орнатылды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Теміржолшылардың қоршау орнатуы жайылған малдың жол бойына шығып кетіп, пойыз қозғалысына қауіп төндіру фактісінің ұлғаюынан болып отыр. Мәселен, өткен жылы пойыздың малды қағуы бойынша 134 оқиға тіркелді.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ атқарушы директоры - "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының директоры Жарас Ізғұловтың айтуынша, жыл сайын теміржол бойында малдың жайылып жүріп, жолға шығып кетуі салдарынан малдардың өлуі жиі орын алды. Локомотивтер мен вагондардың бүлінуінен пойыздардың тоқтап қалуына, материалдық шығындарға әкеліп соқтырады. Әсіресе, пойыз қозғалысы қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді.
М. Ізғұлов қазіргі таңда 6,7 мың шақырым жолда қауіп сейлгенін айтады. Астана-Алматы мен Астана-Бурабай шипажайы темір жолы бойындағы 600 шақырымдық телімге қоршаулар орнатудың жобалық-сметалық құжаттары жасалуда.
Оның сыртында, 370 шақырымдағы қоршаулар жөнделді. Биылғы жылы 310 шақырымға қоршаулар жасау жоспарланып отыр.
Компания 2020 жылдарға дейін теміржол бойына қоршаулар орнатуға басымдық беріп, жалпы құрылыс көлемін 6,5 мың шақырымға жеткізуді көздеп отыр.
Теміржолшылар жергілікті елді мекендердің басшылары мен фермерлік шаруашылықтарға хабарласып, теміржол маңынан малдың жайылуы тәртібін тұрақты қадағалап отыруын талап етуде.