Қаражанбас мұнай кенішінде әйелдер шеруге шықты

1689

Әлеуметтік жағдайды жақсартуды талап еткен жұмысшы-әйелдер Caspian food компаниясы жалақыны 2 есе жоғарылатуға тиіс екенін алға тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қаражанбас мұнай кенішінде әйелдер шеруге шықты

Шеруге қатысушылардың пікірінше, компания жұмысшыларды тегін сүт өнімімен қамтамасыз етуге және ПТР-тестен тегін өткізуге міндетті. Бұған қоса компанияда жұмыс істейтін аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуі керек.
Әйелдердің сөзінше, 3 адам істейтін жұмыс жүктемесін 2 адам атқарып отыр. 

Атап көрсетерлігі, компания басшылары әйелдермен келіссөз жүргізуге құлық танытпады. Бұл міндетті кадр бөлімінің мамандары атқарды. 
Олар нақты ештеңе шешкен жоқ. Тек талап-арызды қағазға түсіріп, басшыларға жеткізетіндерін айтты. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу