Қаражанбасмұнай 10 айда 1,7 млн тонна мұнай өндірді

177

Кен орнының мұнайы құрамында күкіртті қосылыстардың көп болуымен ерекшеленеді.  

Қаражанбасмұнай 10 айда 1,7 млн тонна мұнай өндірді Фото: www.sk.kz

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында "Қаражанбасмұнай" АҚ қызметінің мәселелеріне қатысты өндірістік жиын өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

10 айда мұнай өндіру көлемі 1 млн 760 мың тоннаны құрады. Қаражанбас кен орны мұнай өндірудің тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін бу-жылу арқылы әсер ету әдістерін қолданады.

Қазіргі уақытта бу мен суды айдау процесі оңтайландырылуда, сондай-ақ бу генераторларының тиімділік коэффициентін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Кен орынның жағалаудағы аймағында сейсмикалық барлау жұмыстары аяқталды. Жаңа қорды растауға және кен орынды пайдалану циклін ұзартуға мүмкіндік беретін бағалау ұңғымаларын бұрғылау жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу