"Қаражанбасмұнай" АҚ-мен соттасқан азамат жеңіп шықты

1332

Сот алқасы компанияға оны бұрынғы жұмысына қайта орналастыруды, амалсыз бос жүрген уақытына жалақысын, тиісті басқа да көтермелеу сыйақыларын төлеуді міндеттеді.

"Қаражанбасмұнай" АҚ-мен соттасқан азамат жеңіп шықты

Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы "Қаражанбасмұнай" АҚ мен компанияның бұрынғы жұмысшысы арасындағы екі жылға созылған дауға нүкте қойды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

2017 жылы "Қаражанбасмұнай" АҚ-ның материалдық-техникалық жабдықтау базасы аумағында арқан ілдіруші болып істейтін Қ.Төлесінов жазатайым оқиғаға ұшырап, оның соңында жұмысынан босатылған болатын. Жұмыстан шығып қалған Қ.Төлесінов Ақтау қаласының №2 сотына арыз беріп, жауапкер "Қаражанбасмұнай" АҚ-ның жұмыстан шығару жөніндегі бұйрығын заңсыз деп тануды, бұрынғы жұмысына қайта орналастыруды, амалсыз бос жүрген уақытына жалақысын, оған тиісті басқа да көтермелеу сыйақыларын төлеуге міндеттеуді сұраған. Бірақ сот оның талабын қанағаттандырудан бас тартқан.

Мұнымен келіспеген ол Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына шағым түсіріп, өз талабын дәлелдейтін нақты дәйектер мен құжаттар ұсынған. Нәтижесінде, Ақтау қалалық №2 соты шешімінің күші жойылды. Сот алқасы "Қаражанбасмұнай" АҚ-ға Қ.Төлесіновті бұрынғы жұмысына қайта орналастыруды, амалсыз бос жүрген уақытына жалақысын, оған тиісті басқа да көтермелеу сыйақыларын төлеуді міндеттеді.

Ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүріп, банк алдында қарызға батқан азамат әділ сот төрелігіне разылығын білдіріп, қайта жұмысқа орналасты.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу