ҚМГ-ның еншілес кәсіпорны 2022 жылдың соңында қолға алынған автопаркті жаңарту бағдарламасын аяқтауға жақын, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жобаның алғашқы кезеңінде компания 10 арнайы техника сатып алды. 2023 жылы қызметкерлерге 140 жаңа көліктің кілті табыс етілді.

Былтыр тағы 123 арнайы техника қосылды. Жыл басынан бері 39 көлік желіге шықты. Қазіргі кезде 52 арнайы техниканы сатып алуға келісімшарт жасалып, кен орнына жеткізу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар жоспар бойынша тағы 4 техника әкелінбек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу