Қаражат аз: Тоқаевтың ағаш егу туралы тапсырмасы орындалмауы мүмкін

721

Биыл кейбір өңірлерде жергілікті деңгейде қаржыландыру аз болғандықтан, жоспарлы көрсеткіш орындалмай қалуы мүмкін. 

Қаражат аз: Тоқаевтың ағаш егу туралы тапсырмасы орындалмауы мүмкін

Бұл туралы 23 тамыздағы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бес жыл ішінде екі млрд түп ағаш отырғызу туралы ауқымды жоба іске асырылып жатыр. 2021 жылы 66 мың гектар алаңға (саны 138 млн ағаш) ағаш отырғызылды. Биыл кейбір өңірлерде жергілікті деңгейде қаржыландыру аз болғандықтан, жоспарлы көрсеткіш орындалмай қалуы мүмкін", – деді Смайылов. 

Айта кетейік, "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы аясында биыл 161 млрд теңге бөлінді. 

Жасын Қалибек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу