Қаражатты игеруге қатысты кемшіліктер құқық қорғау органдарына жолданады

863

Қаражатты игеруге қатысты кемшіліктер құқық қорғау органдарына жолданады

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметінің және оған бөлінген бюджет қаражатының, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау саласында облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне бөлінген жалпы сипаттағы трансферттердің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды, деп хабарлайды есеп комитетінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік аудит министрлікте және оның бірқатар ведомстволық бағынысты ұйымдарында, сондай-ақ Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының жергілікті атқарушы органдарында жүргізілді. Жалпы көлемі 2,5 трлн теңге мөлшерінде қаражат қамтылды.

Министрлік қабылдаған шараларға қарамастан, қазіргі уақытта мемлекеттік саясатты, жұмыспен қамту саласындағы салааралық үйлестіру мен мемлекеттік басқаруды, әлеуметтік қамсыздандыру және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді іске асыру мәселелерінде бірқатар жүйелі проблемалардың сақталып отырғандығы анықталды.

Қорытынды бойынша мемлекеттік аудиттің жекелеген материалдары құқық қорғау органдарына жолданатын болады. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға процестік шешімдер қабылдау үшін мемлекеттік аудиттің
82 материалы жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу