Ақтау қаласының прокуратурасы 1,8 млн АҚШ долларын валюталық заңнаманың талаптарын бұза отырып шетелге шығарған "Б" компаниясына қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулысына өтінішхат келтірді.
Прокурордың өтінішін қарау нәтижесінде облыстық сот алқасы бұрын қабылданған шешімнің күшін жойып, компанияны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды, деп жазады inbusiness.kz сайты Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот валюталық түсімді уақтылы репатриацияламағаны үшін компанияға 153 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.
Прокуратура заңдылықтың сақталуын қадағалау және елдің экономикалық қауіпсіздігін қорғау бойынша жүйелі жұмыстарын жалғастырады.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.