Қаражатты тек қоғамға барынша пайдалы дүниеге ғана жарату керек – Мемлекет басшысы

Президент Ұлттық қордан жұмсалған ақшаның экономикалық және әлеуметтік қайтарымы болуы қажет екенін еске салды.

Қаражатты тек қоғамға барынша пайдалы дүниеге ғана жарату керек – Мемлекет басшысы Фото: uralskweek.kz

Себебі, бөлінетін мемлекет қаражатының негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын көтеру болып саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Ұлттық қордың ресурсын жинақтау және оны пайдалану арасында теңгерім сақталуға тиіс. Қаражатты тек қоғамға барынша пайдалы дүниеге ғана жарату керек.

Ең бастысы, жұмсалған ақшаның экономикалық және әлеуметтік қайтарымы болуы қажет. Өйткені, бөлінетін мемлекет қаражатының негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеру.

Тиісті жобаларды жүзеге асыруға материалдық-техникалық жағдайы жақсы және мол тәжірибесі бар жергілікті жердегі шағын және орта бизнес өкілдерін тартқан жөн. Бүкіл құрылыстың барысы қатаң бақылауға алынады.

Бірінші кезекте аймақтарда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады.

Перзентханалар, ауруханалар, жедел медициналық көмек көрсету станциялары, балаларға арналған оңалту орталықтары мен ерекше балалардың сұранысына сай спортзалдар бой көтереді.

Сондай-ақ, 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемелерінің құрылысы басталады.

Осындай аса қажетті, сапалы нысандардың құрылысын жедел түрде бастап, көп ұзамай іске қосуымыз керек, – деді Мемлекет басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу