"Қаражыра" көмір разрезі көмір өндіруді азайтты. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің inbusiness.kz-ке берген жауабында айтылған.
"Шұғыл алынған мәлімет бойынша, биылғы жылдың төрт айында "Қвражыра" АҚ-ның көмір өндіруі былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 18,3%-ға аз. Өндірудің төмендеуіне сатып алушылардың тұтынудың жоспарлы көлеміне берген өтініштерінен бас тартуы себеп болды", – деп көрсетілген ведомствоның ақпарында.
Еске сала кетер болсақ, министрліктің индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ШҚО-дағы көмір компаниясында қауіпсіздік бойынша заң бұзушылықтар бар деп сотқа берген болатын. Кейін БАҚ мәліметі бойынша шағым кері қайтарылып алынған. Ал көмір кәсіпорнының жұмысы тоқтаған жоқ деді ведомство.
Данияр Серіков