Қаражырадағы спортшының өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды

727

Бірақ оның аты-жөнін тергеушілер жарияламай отыр.

Қаражырадағы спортшының өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды

Семейде көмірге талас кезінде қаза тапқан дзюдошы Жасұланның өліміне қатысты жаңа дерек анықталды. Анасы Гүлнәр Әбиеваның айтуынша, қылмыстық іске тағы бір азаматтың қатысы бары белгілі болған. Бірақ оның аты-жөнін тергеушілер жарияламай отыр.

Қапыда ұлынан айырылып, жүрегі қан жылаған ана күдіктілердің 3 адам болуы мүмкін екенін айтады. Тергеудің шалалығына қарамастан, 24 қаңтардан бері сот процесі басталып кетіпті. Онда дәлелдің жеткіліксіздігі айтылған. Енді марқұмның анасы ұлының өліміне кінәлілер жазадан құтылып, болған жағдайды жылы жауып тастай ма деп қауіптенеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу