Қаражырадан көмір тасуға вагондар жетіспей жатыр

883

Қазір қоймада 100 мың тонна көмір дайын тұр.

Қаражырадан көмір тасуға вагондар жетіспей жатыр

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қаланы жылумен қамту үшін аса қажетті көмір шығаратын "Қаражыра" ЛТД ЖШС-іне арнайы жұмыс сапарымен барып қайтты, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

"Қаражыра" басшысы Марғұлан Мақышевтың айтуынша, көмір бар болғанмен, соңғы екі айда оны таситын вагондар жетпей жатыр. Ал қыс қыр астында қылышын сүйретіп келе жатыр.

"Маусым айына дейін біз көмір жеткізуде тоқтаусыз жұмыс істедік, - деді директор  Марғұлан Мақышев, - тек соңғы екі айта жылдық жоспардан қала бастадық. Егер өткен жылы 7 млн тонна көмір шығаруымыз керек болса, биыл ол көрсеткіш 8 млн тонна деп белгіленген. Соңғы екі айда вагон жетіспеушілігі салдарынан көмірді жеткізе алмай жатырмыз. Жылдық көрсеткішті де орындай алмай қаламыз ба деп отырмыз. Біз сол үшін облыстық әкімшілікке шықтық. "Қазақстан Теміржолы" басшылығына да айттық. Өскеменде өткен жиналыста бізге вагондарды жақын арада жеткілікті береміз деп уәде берді. Сонымен екі есе жұмыс істеп,  қыркүйектің 1-іне дейін олқылықтардың орнын толтырамыз деп ойлаймыз".

Директордың маркетинг жөніндегі орынбасары Әсет Садықовтың айтуынша, қазір қоймада 100 мың тонна көмір дайын тұр. Көмір қазуда техникалар жеткілікті, себебі инвестициялық бағдарлама арқылы 9 миллиард теңгеге 6 БелАЗ және Hitachi экскаваторлары сатып алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу