Қарбыз пирамидаларға шыққан Тәжікстаннан келген қонақтар: Астана әкімдігі көрмеге қатысты түсініктеме берді

Қауіпсіздік шараларын сақтау үшін осылай жасалды. 

Қарбыз пирамидаларға шыққан Тәжікстаннан келген қонақтар: Астана әкімдігі көрмеге қатысты түсініктеме берді Фото: akorda.kz

Астана әкімдігі Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері, қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдары көрме-жәрмеңкесінде түсірілген роликтерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев таяуда елордада Тәжікстанның мәдениет күндері аясында өткен көрме-жәрмеңкеде болған жағдай туралы айтып берді.

Оның сөзінше, көрші елдің сатушылары олардан тауардың бір бөлігін тегін алуды ұсынған, өйткені күн астында ол тез бұзылып кетуі мүмкін еді. Сонымен бірге, Жаңабаевтың айтуынша, видеодағы адамдар тәжік фермерлері болып шықты. Олар жәрмеңке-көрме қонақтарына тегін жеміс-жидек тарату үшін пирамидаға өздері көтерілген.

"Олар біздің Тәжікстаннан келген қонақтарымыз. Олар өнімдерді осылай  алып берді. Бұл пирамиданы жасаған шаруалардың өздері басқа адамдар пирамидаға шықпасын деп, жай ғана адамдарға таратқан. Бұл қауіпсіздік шараларын сақтау үшін жасалды", - деді Мақсат Жаңабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу